420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та екі күндік уақытша бюджет қабылданды

  • 107
  • UPD: 14:07, 19.12.2020
АҚШ-та екі күндік уақытша бюджет қабылданды

АҚШ-та бірқатар федералды органдардың жұмысы тоқтап қалмас 2 күндік уақытша бюджет қабылданды.

Себебі конгресс елдің ұзақ мерзімді қаржы заңын әлі бекіте алмай жатыр. Оған заң шығарушы органның кезекті экономикалық қолдау бағдарламасына қатысты ортақ шешімге келе алмауы себеп. Егер уақытша заң қабылданбағанда кей федералды органдарды қаржыландыру тоқтатылып, олар уақытша жабылатын еді.

Айта кетейік, АҚШ-та бюджеттің қабылданбауынан үкімет жұмысының уақытша тоқтауы соңғы рет 2018 болған. Ол кезде шатдаунға президент Трамптың Мексикамен шекараға қабырға тұрғызу үшін қомақты қаржы сұрауы себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы