419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда мереке күндері жалпыұлттық карантин енгізіледі

  • 122
  • UPD: 13:38, 19.12.2020

Италияда Рождество мен Жаңа жыл мерекесі кезінде жалпыұлттық карантин енгізіледі.

Жаңа тәртіпке сай желтоқсанның 24-інен қаңтардың 6-сына дейін аймақаралық қатынасқа тыйым салынады. Тұрғындардың үйден тек жұмысқа немесе аса қажет жағдайда ғана шығуына рұқсат. Мейрамхана мен дәмханалар жабылып, тек сауда орталықтары мен дүкендер, дәріханалар жұмыс істейді.

Айта кетейік, Апеннин түбегінде вирусты жұқтырғандар саны 2 миллионға таяды.

Джузеппе Конте, Италия премьер-министрі:

- Елде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Мереке күндері вирусты жұқтыру күрт өсуі мүмкін. Сондықтан шектеу шараларын қатаңдатамыз деп шештік.

Хабар 24 телеарнасы