419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Moderna вакцинасын қолдануға рұқсат берді

  • 106
  • UPD: 13:38, 19.12.2020
АҚШ Moderna вакцинасын қолдануға рұқсат берді

АҚШ-та коронавируске қарсы тағы бір вакцинаны шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат берілді.

Бұл «Модерна» компаниясының екпесі. Бұл осы елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының бекіткен екінші препараты. Бұған дейін Американың реттеуші органы «Пфайзер» мен «Байонтек» компаниясы бірлесіп жасаған екпені қолдануға рұқсат берген.

«Модерна» вакцинасы 18 жастан асқан азаматтарға қолданылады. Билік бірлестіктен 200 миллион доза екпеге тапсырыс берген. Ал соңғы мәліметке қарағанда АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 17 жарым миллионнан асып, дерттен 313 мың науқас көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы