421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Литвада індеттің таралуымен күресу үшін бекеттер орнатылды

  • 122
  • UPD: 13:37, 19.12.2020
Литвада індеттің таралуымен күресу үшін бекеттер орнатылды

Литвада індеттің таралуымен күресу үшін бүкіл ел аумағында екі жүзден астам тексеру бекеті орнатылды.

Шара елде бірнеше күн бұрын енгізілген шектеулерді бақылау үшін қолға алынып отыр. Өйткені карантин қатаңдатылғанымен тәртіпті елемейтіндер көп. Ал жаңа заңға сәйкес, азаматтардың 3 апта бойы үйден тек жұмысқа, азық-түлік сатып алу немесе шұғыл жағдайда ғана шығуына рұқсат етілген.

Сигитас, жүргізуші:

- Вирусты жұқтырғандар күн сайын артып жатыр. Бірақ кей адамдар «егер дертке шалдықпаса бұл оларға еш қатысы жоқ» деп ойлайды. Сондықтан қатаң шара қабылдауға тура келді.

Хабар 24 телеарнасы