Мексика астанасында науқастар санының артуына байланысты қайта карантин енгізілді.
Шара қаңтардың 10-ына дейін жалғасады. Оған сай барлық өндіріс ошақтары уақытша жабылып, тұрғындардың бір ауданнан екінші ауданға қатынауы шектелді. Мейрамхана мен дәмханалар тамақты үйге жткізу бойынша қызмет көрсетеді. Мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Мексикада 1 миллион 300 мыңнан аса адам вирус жұқтырған.