419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай халықтың бірқатар тобына коронавирусқа қарсы екпе егеді

  • 125
  • UPD: 19:35, 19.12.2020
Қытай халықтың бірқатар тобына коронавирусқа қарсы екпе егеді

Вакцина алатындардың қатарында кеден қызметкерлері, дәрігерлер, ауылшаруашылық және теңіз өнімдері базарында қызмет ететіндер бар.

Сарапшылардың айтуынша, бұл коронавирус жұқтыру қауіпі жоғары сала мамандарын қорғап, оның сырттан енуіне тосқауыл қояды. Бұл – халықты жаппай егу жоспарының бір бөлігі. Үкімет осы арқылы қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптастыруды көздейді.

Еске сала кетейік, Қытайда екі вакцинаны шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілген.

Цзэн Исинь, денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитет басшысының орынбасары:

– Бұл – халықты жаппай егу бойынша негізгі жоспардың алғашқы қадамы. Вакцина ресми бекітіліп, оны шығару қолға алынған соң вирус жұқтырып алу қауіпі жоғары топтарды егуді бастаймыз. Олардың қатарына миллиондаған қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар жатады. Осыдан кейін халықтың қалған бөлігі вакцинацияланады.

Хабар 24 телеарнасы