419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда карантинге қарсы шеру өтті

  • 97
Лондонда карантинге қарсы шеру өтті

Ұлыбритания астанасы Лондон халқы карантин талаптарын күшейтуге қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық ретінде ереуілшілер әлеуметтік арақашықты сақтау және көшеде міндетті түрде бетперде кию талаптарын ескермеген. Шеруге шыққандар Парламент үйінің алдына жиналды. Бейбіт ереуілді атқа мінген полиция араласпай, бақылап тұрды. Өткен сенбіде премьер-министр Борис Джонсон ел астанасында және Британияның оңтүстік-шығысында Жаңа жыл алдында шектеу шараларын күшейтетінін айтып, мерекені кеңінен тойлауға тыйым салған болатын. Ол бұл талапты коронавирустың жаңа түрінің пайда болуымен түсіндірді.

Хабар 24 телеарнасы