419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биньямин Нетаньяху Израильде алғаш болып вакцина салдырды

  • 92
  • UPD: 11:51, 20.12.2020
Биньямин Нетаньяху Израильде алғаш болып вакцина салдырды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елде бірінші болып коронавирусқа қарсы Pfizer компаниясының вакцинасын салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шара жергілікті бірнеше телеарнада тікелей эфирде көрсетілген. Екпе салған дәрігер: «бұл Израильде аузы ашылған алғашқы ампула» деп мәлімдеді.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Бүгін Израиль үшін өте маңызды күн. Адамзат соңғы жүз жылда кезіккен ең ауыр індет жағдайында өмір сүріп отырғанымызға бір жылдай болып қалды. Біз миллиондаған доза вакцина әкелдік. Осы айдың аяғына таман тағы бірнеше миллионын әкелеміз. Вакцинациядан бәрі өтуі керек. Денсаулық сақтау министрінен алғашқы вакцинаны маған салуды өтіндім, осылайша, үлгі көрсетіп, екпені әрбір адам алса екен деймін.

Алайда Нетаньяхуды үлгі емес, парақор ретінде көретіндер көп. Елде мыңдаған адамның наразылық шеруі басылмай тұр. Ереуілшілер үкімет басшысын қызметінен кетуді талап етуде. Олар «премьер-министр коронавирус кезінде жемқорлықпен айналысты, қызметін асыра пайдаланды» деп айыптайды.

Естеріңізге сала кетейік, Израильде билікке қарсы шерулердің өтіп жатқанына жарты жылдан асып барады.

Хабар 24 телеарнасы