423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиландта коронавирус қайта өршіді

  • 111
  • UPD: 12:21, 20.12.2020
Таиландта коронавирус қайта өршіді

Ел билігінің хабарлауынша, індетті 500-ден астам астам жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – бір күндегі ең жоғары көрсеткіш. Жаңа ошақ Бангкоктың оңтүстік-батысында теңіз өнімдерін сататын базарда тіркелген. Вирус ел астанасына сырт аймақтан келген жұмысшылардан анықталған. Бәрінің ауруы – симптомсыз. Коронавирустың жаңа түрі тіркелген алғашқы науқас әйелдің жасы 67-де.

Мамандардың айтуынша, індет ұзақ карантиннен кейін шетелдік туристердің келуіне рұқсат берілгеннен кейін өрши бастаған. Болжамға сәйкес Таиландқа жыл аяғына дейін 8 миллион саяхатшы келуі керек. Естеріңізге сала кетейік, бұл елге коронавирус таралғанға дейін жылына 40 миллион шетелдік келген болатын.

Хабар 24 телеарнасы