Австралияның Сидней қаласында вирус жұқтырғандар көбейіп, карантин қатаңдатылып жатыр.
Бірнеше күн бұрын жағажайдан тараған індетті жұқтырғандар қарасы 70-ке жеткен. Көп штаттар қаламен байланысты азайтып, шаһар тұрғындарының жүріс-тұрысын шектеді. Қалада коронавируске қарсы тест тапсыру жұмыстары да қауырт.
Глэдис Береджиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері:
- Қазір мамандар Авалон-Бич ауданында індеттің қайдан шыққанын анықтап жатыр. Дертті ауыздықтау үшін тиісті шаралар қабылдануда. Жергілікті тұрғындардың енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап оларды орындап жатқанына алғысымды білдіремін.