423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Space X тыңшылық жасайтын жерсерігін ұшырды

  • 141
  • UPD: 08:12, 21.12.2020
Space X тыңшылық жасайтын жерсерігін ұшырды

Space X компаниясы барлау жерсерігін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Илон Масктің биылға жоспарлаған соңғы спутнигі. Негізі аталған жерсерік 17 желтоқсанда ұшырылуы керек еді, бірақ техникалық ақауға байланысты кейінге шегерілген. Ұшу құралы АҚШ-тың Әскери-ғарыштық барлау басқармасына тиесілі. Сондықтан болар, бұл жолғы миссия туралы мәлімет өте аз. Аттану рәсімі де көп жағдайда құпия өтті, көрермендерге тек нақты ұшу сәті ғана көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы