421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің 20 елі Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтатты

  • 136
  • UPD: 10:08, 21.12.2020
Әлемнің 20 елі Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтатты

Коронавирустың жаңа мутациялық штамының таралуына байланысты әлемнің 20 елі Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын уақытша тоқтатты.

Олардың қатарына Нидерланд, Бельгия, Франция, Ирландия, Израиль, Германия, Италия, Литва, Латвия, Эстония, Австрия, Болгария, Түркия, Швейцария, Хорватия, Финляндия, Марокко, Канада, Аргентина кіреді.

Сауд Арабиясы шекараны толығымен жабу туралы шешім қабылдады. Ұлыбританиямен арадағы рейстерді тоқтату туралы мәселе Швеция мен Үндістанда шешілуде.

Сонымен қатар Чехия мен Грекия Ұлыбританиядан келетіндерге міндетті карантин енгізді, ал Испанияда Ұлыбританиядан келгендерде коронавирус тестінің болуын бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы