423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде шырша сататын 200-ден астам базар ашылды

  • 113
Мәскеуде шырша сататын 200-ден астам базар ашылды

Жаңа жыл алдындағы шектеу шараларының кезінде сауда жасауға қала билігі рұқсат берген.

Бірақ сатушылар мен сатып алушыларға әлеуметтік арақашықтық сақтап, бетперде мен қолғап кию қатаң міндеттелген. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, отандық шыршалар бір мың, ал Даниядан әкелінгендері 3 мың рубль тұрады. Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде жаңа жылды жаппай тойлауға және дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Николай, жергілікті тұрғын:

– Жаңажылдық шыршаны ұлым туған кезден бастап қоямыз. Қазір ол 25 жаста. Сонда шыршаны құрып келе жатқанымызға ширек ғасыр болыпты.

Хабар 24 телеарнасы