Француз дәрігері Роман Вандендорп мұзға толы шынының ішінде 2 сағат 35 минут 43 секунд тапжылмай отырып, әлемдік рекорд орнатты.
Жаңа рекордты Гиннес рекордтар кітабының өкілдері тіркеді. Осыншама уақыт бойы суыққа шыдас берген 34 жастағы дәрігер бұл жетістігін ісік ауруына шалдыққан балаларға арнады. Айтуынша, сынақ кезінде ол қиял мен концентрацияға негізделген нейрокогнитивті тәсілдер қолданған. Шарадан жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа аударылады.