423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ шұғыл жиналыс өткізеді

  • 107
  • UPD: 12:19, 21.12.2020
Еуроодақ шұғыл жиналыс өткізеді

Бельгияда бүгін Еуропалық одақтың шұғыл жиналысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас қосуда Ұлыбританиядан шыққан коронавирустың жаңа штамының таралу жағдайы және өзге елдерге әсері талқыланып, жаңа ережелер жарияланбақ. Әлем елдері бірінен соң бірі Ұлыбританияға қатынайтын әуе рейстерін кейінге шегеруде. Франция барыс-келістің барлық түріне, ал Бельгия теміржол қатынасына тыйым салды. Бұдан бөлек, Нидерланд су жолын жабатынын ескертті. Коронавирустың жаңа түрі Лондонда және Англияның оңтүстік-шығысында өткен аптаның аяғында анықталған болатын. Британиялық Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок жағдайдың бақылаудан шығып кеткенін мәлімдеп, жұртты шошытып отыр. Соңғы дерек бойынша, мамандар аталған штамның таралуы 70 процентке жылдам екенін анықтаған. Қазір оның вакцинаға қандай реакция жасайтыны зерттелу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы