420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейліктер пандемия жағдайында жаңа жылды қалай қарсы алмақ?

  • 118
  • UPD: 13:48, 21.12.2020
Ресейліктер пандемия жағдайында жаңа жылды қалай қарсы алмақ?

Ресей коронавирусқа шалдыққандардың саны бойынша әлі көш басында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте бұл елде 7 мың 263 адам вирус жұқтырған. Ал Мәскеуде науқастар 736 мыңға жуықтады. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал мен жарияланған шектеу шараларына қарамастан шаһар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындалып жатыр.

Мәскеудегі індеттің беті қайтпай тұр. Осыған байланысты шаһардағы шектеу шаралары қаңтардың ортасына дейін өз күшінде болады. Енді барлық түнгі клубтар, шарапханалар мен мейрамханалар түнгі сағат 11-ден таңғы 6-ға дейін мүлде жұмыс істемейді. Мерекелік, ойын-сауық іс-шаралардың өтуіне қатаң тыйым салынды. Балаларға арналған шыршаның да болмайтын түрі бар. Бірақ қала ішінде серуендеуге шектеу жоқ.

Геннадий Онищенко, РФ бұрынғы бас санитарлық дәрігер:

– Мейрамханаға барғаннан гөрі, қала сыртына шығып демалыңыз. Немесе бетперде тағып шаһардың көрікті жерлерін аралап қайтыңыз. Биыл сыртта болатын іс-шаралар өткен жылдағыдай көп емес.

Жаңажылдық мерекелер денсаулық сақтау саласына үлкен салмақ салуы мүмкін. Дегенмен мамандар кез келген жағдайға дайынбыз дейді. Карантинге қарамастан қала тұрғындарының мерекелік көңіл күйі жоғары екенін байқауға болады.

БЛИЦ:

– Әрине, биылғы жаңа жыл мерекесін былтырғымен салыстыру қиын. Бұл жолы қызықсыз болайын деп тұр. Десе де жақсы қарсы алуға тырысамыз.Ресей

– Жаңа жылды жақындарымызбен, отбасымызбен қарсы алатынымызға өте қуаныштымыз.

Мәскеу билігі қаланы безендіруге биыл көп шығындалған жоқ. Былтырғы декорацияны қайта қоя салды. Осылайша жергілікті әкімшілік қатаң шектеу шараларынан туындайтын экономикалық шығынның орнын толтырмақ. Саяхатшылар да мүлде көрінбейді. Турист аз болғанымен, қала бюджетінің шығыны көп.

Авторлары: Ернат Мелұслы, Арайлым Жақсылыққызы, Дана Нуржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы