420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жер шарының тұрғындары 800 жылдан бері болмаған астрономиялық құбылысты көре алады

  • 175
Жер шарының тұрғындары 800 жылдан бері болмаған астрономиялық құбылысты көре алады

Бүгін Жер шарының тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыстың куәсі бола алады.

Яғни 800 жылда алғаш рет Сатурн мен Юпитер планеталары бір-біріне тым жақын орналасады. Осылайша екі алып планета Жерден қарағанда егіз планета сияқты болып көрінеді. Ауа райы ашық болса, ерекше құбылысты әлемнің кез келген бұрышынан тамашалауға болады екен. Мамандардың айтуынша, планеталар бір-біріне жақындағанын тек 2080 жылы бақылауға болады.

Хабар 24 телеарнасы