423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда пилотсыз тікұшақ жасап шығарылды

  • 178
  • UPD: 16:19, 21.12.2020
Түркияда пилотсыз тікұшақ жасап шығарылды

Түркияның Titra Technology технологиялық компаниясы әскери және азаматтық мақсатта пайдалануға болатын пилотсыз тікұшақ жасап шығарды.

Бұл туралы Анадолу хабарлады.

Titra Technology бас директоры Селман Донмез тікұшақты жаппай өндіруді 2021 жылдың соңына дейін бастауды көздеп отыр.

Оның айтуынша, ұшқышсыз ұшатын тікұшақ 800-850 шақырым қашықтықта, 4500 метрден астам биіктікте 160 келіге дейін жүк тасымалдай алады. Бұл көлік құралын төтенше жағдайлар мен апаттар кезінде, логистикалық мақсаттарда пайдалануға болады.

Хабар 24 телеарнасы