421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19. Британиядан шыққан штамды зерттеу басталды

  • 162
  • UPD: 08:12, 22.12.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың Ұлыбританиядан шыққан штамын зерттеу ісін бастады. Нәтижені жариялауға бірнеше күн немесе апта кетуі мүмкін. Бұл туралы халықаралық бірлестік басшылары мәлімдеді. Әзірге жаңа мутацияның ауруды асқындыратын әсері бары дәлелденген жоқ.

Майк Райан, ДДСҰ-ның төтенше жағдай бойынша аға сарапшысы:

- Бірінші кезекте штамның таралу қарқыны зерттелмек. Соңғы айларда коронавирустың бірнеше мутациясы табылды. Бірақ кейбірінің қауіпсіз екені анықталды. Жаңа штамдардың таралуына қатысты жағдай бақылаудан шықты деп айта алмаймыз. Бірақ босаңсуға болмайды.

Испания үкіметі осы штамм шыққан Британиямен шектесетін Гибралтар суындағы шекараны жауып, қатынас құралының барлық түріне тыйым салатынын мәлімдеді. Тек Біріккен Корольдікте жүрген испан азаматтарына ел аумағына кіруге рұқсат етіледі.

Айта кетейік, Гибралтарда жаңа штамды жұқтырған испандық анықталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы