419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байден халықтың алдында вакцина салдырды

  • 131
  • UPD: 08:52, 22.12.2020

Джо Байден «Пфайзер-БайонТек» компаниясының вакцинасын тікелей эфирде халық алдында қабылдады.

Дэлавер ауруханаларының бірінде болған Байден американдықтарды вакцина қабылдаудан қорықпауға шықырды.

Айтуынша, қазіргі қиын қыстау заманда америкалықтар үшін сарапшылардың пікіріне құлақ асу, әрі сақтық шараларын сақтау аса қажетті. АҚШ-та өткен апта ішінде 1,5 миллион американдық ковидпен ауырып, індетті жұқтыру көрсеткіші 1,3 процентке өскен. Елдің 17 штатында ауырғандардың саны күн санап артып келеді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Вакцина барынша қолжетімді болған кезде американдықтар оны қабылдауға дайын болулары керек. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Ең маңыздысы, бұл вакцина жай бастамасы ғана. Алдағы уақытта «Модерна» екпесі де қолжетімді болады. Бірақ ол үшін белгілі бір уақыт қажет. Бастысы, денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Алдағы мереке күндері маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қаперлеріңізде ұстаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы