Ресейде тағы да тәуліктік антирекорд тіркелді. Бір тәулік ішінде іргедегі елде 30 мыңға жуық азамат вирус жұқтырған.
Олардың 20 процентінде ауру белгілері байқалмайтын көрінеді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері хабарлады. Індеттен ең көп зардап шегіп отырған өңірлер бұрынғыша Мәскеу, Санкт-Петербург пен Мәскеу облысы. Инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 2 миллион 800 мыңға жуықтады.