420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск бір күнде $8,8 млрд-тан айырылды

  • 103
  • UPD: 10:10, 22.12.2020
Илон Маск бір күнде $8,8 млрд-тан айырылды Коммерсант

Tesla акцияларының әрбір қағазы $695-тен $650-ге дейін құлады.

Forbes мәліметінше, осыған байланысты Tesla-ның негізін қалаушы Илон Масктің қалтасы $144,7 млрд-қа жұқарған, деп жазады eadaily.com.

Tesla акцияларының жаппай сатылымы S&P 500 индексіне қосылған алғашқы күні-ақ басталған. 21 желтоқсандағы сауда күнінің қорытындысы бойынша Маск байлығының 5,75 процентінен, яғни $8,8 млрд-тан айырылған.

Қазір оның жинағы $144,7 млрд деп бағаланып отыр. Соның өзінде ол Билл Гейтс пен Еуропадағы ең бай адам саналатын Бернар Арноны басып озып үшінші орынға тұрақтады.  

Хабар 24 телеарнасы