429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия Жаңа жылды қонақүйлерде атап өтуге тыйым салды

  • 144
  • UPD: 13:30, 22.12.2020

Түркия билігі қонақүйлерде туристер үшін Жаңа жылдық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салды.

Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Осылайша Жаңа жылды тойлау үшін қонақүйлердегі түрлі ойын-сауық, шоу бағдарламалар мен гала кештердің ұйымдастырылуына рұқсат жоқ.

Естеріңізге салайық, жуырда ел президенті желтоқсанның 31-і кешкі сағат 9-дан бастап қаңтардың 4-і таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат жариялаған болатын. Алайда бұл шектеулер демалыс күндері туристердің сыртқа шығуына кедергі болмайды.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, Түркия коронаивруске шалдыққандардың саны бойынша әлемде жетінші орында тұр. Елде пандемия басталғалы 2 млн астам адам қауіпті инфекция жұқтырған. Олардың 18 мың 300-ге жуығы көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы