421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жаңа рекорд: бір аптада 180 мыңнан астам бала COVID-19 жұқтырған

  • 115
  • UPD: 10:47, 22.12.2020
АҚШ-та жаңа рекорд: бір аптада 180 мыңнан астам бала COVID-19 жұқтырған

АҚШ-та бір апта ішінде балалар арасындағы коронавирус жағдайларының рекордтық саны тіркелді.

«АҚШ-та 10-17 желтоқсан аралығында 182 018 баладан коронавирустық инфекция расталды. Бұл – елде эпидемия басталғалы бері тіркелген рекордтық жағдай», - делінген Америкалық педиатрия академиясы хабарламасында.

Ұйымның мәліметтері бойынша, осы уақытқа дейін АҚШ-тағы 1,8 миллионнан астам баладан коронавирус анықталған.

Бұл ел коронавирус жұқтыру және одан болған өлім жағдайлары бойынша әлемде бірінші орында тұр. Джонс Хопкинс университеті сарапшыларының айтуынша, 18 миллионнан астам АҚШ тұрғыны коронавирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы