419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ «BioNTech» пен «Pfizer» компанияларының вакцинасын мақұлдады

  • 84
  • UPD: 11:05, 22.12.2020
Еуроодақ «BioNTech» пен «Pfizer» компанияларының вакцинасын мақұлдады

Еуроодақ елдерінде BioNTech пен Pfizer компаниялары өндірген вакцина желтоқсанның соңында қолданысқа енеді.

Дәріні Еуропалық комиссия мақұлдап отыр. Осылайша бұл екпе коронавируспен күресте Одақ басшылары рұқсат еткен алғашқы препарат болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша,  Еуроодақ  Pfizer мен BioNTech компаниясына әр доза үшін 15,5 еуро төлемек. Дәріні кәрі құрлық елдеріне желтоқсанның 26-сы күні жеткізу көзделіп отыр. Осылайша 2021 жылдың қыркүйегіне дейін аймаққа 200 млн доза вакцина бөлінеді. Енді комиссия мүшелері тағы 100 млн доза екпе жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еуроодақ басшысы:

- Covid-19-бен күресте маңызды шешім қабылдап отырмыз. Азаматтарымыз коронавируске қарсы өндірілген BioNTech пен Pfizer компаниясының вакцинасын еге алады. Алдағы уақытта өзге де препараттардың қолданылуын мақұлдаймыз. Екпе Еуроодақтың әр мемлекетіне қолжетімді болады. Дәрінің алғашқы дозалары жақын арада Бельгиядан жеткізіледі. Осылайша вакцинация науқаны желтоқсанның 27-сінде басталуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы