Мексиканың Веракрус штатындағы Коста-де-Оро аймағында 21 туристі тау өзенінің ағысы алып кетті.
Төтенше жағдайдан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады Washington Post.
Тағы үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бес турист медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығы – Мексика азаматтары.
Қайғылы жағдай өзендегі су деңгейінің күрт көтерілуінен болған, себебі бұл аймаққа жаңбыр көп жауды. Қазір жоғалып кеткендерді бірнеше құтқарушылар тобы іздеуде.