420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай мұнай мен газды барлауға басымдық беретін болады

  • 99
  • UPD: 15:18, 22.12.2020
Қытай мұнай мен газды барлауға басымдық беретін болады

Қытай 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ел билігі баспасөз конференциясында хабарлады.

Құжат «Қытайдың жаңа дәуірдегі энергетикалық дамуы» деген атпен жарық көрді. Бұдан бөлек осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту да көзделген.

Чжан Цзяньхуа, Энергетика жөніндегі мемлекеттік басқарманың басшысы:

- Бірінші кезекте таза көмір технологияларын әзірлеу мен пайдалануды жандандырамыз. Сонымен қатар мұнай мен табиғи газды барлау мен пайдалануға көп көңіл бөлеміз. Энергияға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін газ өндіру, жеткізу, сақтау және сату жағын жүйелеуді жеделдетеміз. Бұдан әрі жел, күн және биомасса секілді энергия көздерін қарқынды түрде дамытамыз. Бұл жоғары көміртекті энергияны төмен көміртекті энергияға, ал дәстүрлі қазба көздерін баламалы қуат көздеріне алмастыру үшін жасалады.

Хабар 24 телеарнасы