421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йорк Британиямен әуе қатынасын тоқтатты

  • 104
  • UPD: 15:21, 22.12.2020
Нью-Йорк Британиямен әуе қатынасын тоқтатты

АҚШ-тағы Нью-Йорк штатының билігі Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатуға мәжбүр болды.

Мұндай шешімге вирустың жаңа штамы табылған Корольдіктегі ахуал себеп. Жалпы осы елден Нью-Йоркке күніне мыңдаған жолаушы келеді. Енді тікелей рейс жасайтын 3 әуе компаниядан жолаушыларынан тест алуы тиіс. Әзірше бір ғана компания келісіп отыр.

Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы:

- Біз ақылға қонымды әрекет жасауымыз қажет. Неге осы уақытқа дейін түк істемей отырмыз? Неге Ұлыбританиядан келетін рейстерге шектеу қоймай отырмыз? Өзге мемлекеттерге қарап, үйренетін уақыт келді ғой. Ең болмаса, бортқа отыратын жолаушылардың барлығы ковидті жұқтырмаған деген анықтама қағазын көрсетсін.

Хабар 24 телеарнасы