Дания парламенті 15 қаңтардан бастап қаракүзен өсіруге уақытша тыйым салды.
Себебі ел үкіметі қаракүзендерден коронавирустың мутацияланған түрін анықтап, шаруа қожалықтардағы барлық осы аңды жою туралы шешім қабылдаған еді. Әр қаракүзен үшін 4 жарым доллар өтемақы да берген.
Лассе Педерсен, кәсіпкер:
- Маған коронавирус немесе басқа нәрселер құр сылтау болып көрінеді. Әйтеуір осы өндірісті қалай да тоқтату керек болған сияқты. Кейде шаруа қожалығымдағы қаракүзендердің арасына барып, тіршілік белгісін көретінмін. Ал қазір есікті ашсаң, бәрі тып-тыныш. Айдалада жүргендей боласың.