429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус Антарктидаға жетті

  • 309
  • UPD: 14:49, 22.12.2020
Коронавирус Антарктидаға жетті

Антарктидадағы О'Хиггинс ғылыми-зерттеу станциясында 36 адамнан COVID-19 анықталды.

Бұған дейін Антарктида коронавирус жоқ жалғыз материк болып келген.

Вирус жұқтырғандар арасында Чилидің 26 әскери қызметкері және 10 қызмет көрсетуші бар. Олар Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласына көшірілді. Базаға көмекке келген кеме экипажының үш мүшесінен де коронавирус расталды.

Антарктидада ешкім тұрақты өмір сүрмейтініне қарамастан, қыста мыңға жуық зерттеуші мен басқа қонақтар болады.

Хабар 24 телеарнасы