419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурге «Пфайзер» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

  • 94
  • UPD: 15:43, 22.12.2020
Сингапурге «Пфайзер» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Сингапурге «Пфайзер» екпесінің алғашқы партиясы жеткізілді. Осылайша қала-мемлекет аталған вакцинаны алған Азиядағы алғаш ел атанып отыр.

Сингапур билігі «Пфайзерге» тапсырыс беруді 14 желтоқсанда мақұлдаған болатын. Бұған бюджеттен 750 миллион доллар қаражат бөлінген. Вакцина салу жергілікті азаматтар үшін ерікті әрі тегін болмақ. Екпені бірінші болып медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдайды.

Онг Е Кунг, Сингапурдың көлік министрі:

- Сингапур коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу бойынша аймақтық хаб болуға дайын. Біздің қызметкерлер мен логистикалық компаниялар барлық жүкті қауіпсіз түрде тасымалдап, сақтау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттары бойынша арнайы әзірліктен өткен.

Хабар 24 телеарнасы