419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалияда Санта Клаус балаларды онлайн құттықтайды

  • 89
  • UPD: 15:47, 22.12.2020
Португалияда Санта Клаус балаларды онлайн құттықтайды

Португалияда енді Санта Клаустан сыйлық алу үшін балаларға ұзын сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ.

Интернет болса жеткілікті. Лиссабонда тұрғындарға осындай мүмкіндік жасалды. Осылайша балақайлар мен олардың ата-аналары үйден шықпастан рождестволық көңіл-күйді сезіне алады.

Северино Морейра, актер:

- Санта Клаус та заманауи технологиялармен таныс қой. Бастысы, балақайлармен әңгімелесу керегін ұмытып кетпеу керек. Оларға қызық дүние жайлы айту қажет. Осыған көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы