420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиода көшелерінде қол жуу станциялары пайда болды

  • 112
Токиода көшелерінде қол жуу станциялары пайда болды

Токио көшелерінде қол жууға және смартфондарды дезинфекциялауға арналған станциялар пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Жоба авторлары осылайша коронавирустың таралуын болдырмау үшін азаматтарды қолды жиі жууға шақырып отыр.

Айта кетейік, аталған станциялар су құбырына қосылмаған. Ондағы 20 литр су қолданылып болған соң үш сатылы тазартудан өтіп, адамдарға қайта беріледі екен. Әзірлеуші компания өкілдері енді бүкіл ел бойынша осындай 4 мың станция орнатуды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы