421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латын Америкасында коронавирус жұқтырғандар саны 14,76 млн-нан асты

  • 125
  • UPD: 08:50, 23.12.2020
Латын Америкасында коронавирус жұқтырғандар саны 14,76 млн-нан асты

Латын Америкасындағы жағдай да мәз емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 миллион 700 мыңнан асты. Індеттен ең көп Бразилия зардап шегіп отыр. Соңғы тәулікте бұл елде 25 мыңнан астам жаңа дерек тіркелген. Аргентинада да айтарлықтай өсім бар. Инфекцияға шалдығу деректері өткен аптамен салыстырғанда 20%-тен асып кеткен. Ел астанасы Буэнос-Айресте бұл көрсеткіш 50%-ке жуық. Колумбиядағы жағдай да көңіл көншітерлік емес. Сондықтан ел билігі Боготада шектеу шараларын күшейтті. Енді тұрғындар қалаға тек жеке куәлігінің соңғы нөміріне сәйкес кіреді. Бір күні құжат нөмірі тақ санмен аяқталатын азаматтарға кірсе, келесі күні жұп санды тұрғындар өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы