Бразилияда коронавирус індетінің таралуы дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе, Сан-Паулу штатындағы эпидахуал мәз емес. Осыған орай жергілікті билік алдағы Рождество мен Жаңа жыл мерекесінде аймақтағы карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады. Желтоқсанның 25-і мен 27-сі аралығында және қаңтардың 1-і мен 3-інде аймақта тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен қоғамдық көлік қана жұмыс істейді.
Айта кетейік, Сан-Паулу штатында пандемия басталғалы 1 млн 400 мың адам індет ілмегіне ілініп, оның 45 мыңнан астамы осы дерттен көз жұмды.