Италия билігі америкалық Pfizer мен германиялық BionTech компаниясы бірлесіп шығарған вакцинаны қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шешімді осы елдің Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі қабылдады. Елде халықты коронавирусқа қарсы алғашқы егу жұмыстары Еуоодақтың өзге елдеріндегідей желтоқсанның 27-сіне жоспарланған. Алдымен дәрігерлер мен қарт адамдарды егу көзделген. Ал халықты жаппай вакцинациялау қаңтар айының соңында басталуы мүмкін.
Айта кетейік, Италияда вирусты жұқтырғандар саны 2 миллионға жуықтаған. Дерттен 69 мыңнан аса науқас көз жұмды.