АҚШ-тың Сауда министрлігі Ресей мен Қытай компанияларына қарсы шектеулер енгізді
- 109
- UPD: 11:32, 23.12.2020

АҚШ Сауда министрлігінің Ресей мен Қытайдың қорғаныс өндірісмен байланысты ондаған бірлестікке енгізген шектеулері күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қара тізімге Ресейдің 45 және Қытайдың 58 компаниясы енгізілген. Шешімге сай енді кез келген америкалық компания бұл бірлестіктерге өз өнімдерін сатпас бұрын үкіметтің арнайы рұқсатын алуы керек.
«Себебі, олар азаматтық мақсатта экспортталған технологияны әскери істерге қолдануда», - дейді Вашингтон. Салдарынан АҚШ-тың қауіпсіздігі мен халықаралық саясатына нұқсан келіп отырғанын айтады. Бейжің шешімге наразылығын білдірсе, Мәскеу мұндай әрекет екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіретінін жеткізді.