Бұған Ұлыбританияда пайда болған коронавирустың жаңа штамы себеп.
Енді өткен аптада Еуропа елдерінен келгендердің барлығы COVID-19-ды анықтайтын тест тапсыруы керек. Сонымен қатаh қаңтардың 1-іне дейін барлық құрлықтық және теңіз шекаралары жабық болмақ. Алайда бұл шектеулердің жүк көліктеріне еш қатысы жоқ.
Саад аль-Отайби, Азаматтық авиация басқармасының өкілі:
- Денсаулық сақтау министрлігінің кеңесі бойынша аурудың алдын алу шараларын қолға алып отырмыз. Кувейттің халықаралық әуежайында ұшақтардың сапарға шығуы 10 күнге дейін тоқтатылды. Шектеу мерзімінің ұзартылуы аймақтағы эпидахуалға байланысты болады.