Чилидің халықаралық әуежайында коронавирусты жұқтырған жолаушыларды анықтау үшін иттер қолданыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Арнайы дайындықтан өткен үй жануары дертке шалдыққандардың терісін иіскеп табу арқылы үйренген. 4 иттен тұратын бригада сағатына 250 адамды тексеруге қауқарлы. Жергілікті билікті мұндай қадамға француз әріптестерінің тәжірибесі ықпал еткен.
Родриго Дельгадо, Чили ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрі:
- Біз мұндай істі Америкада алғаш қолға алған елміз. Ал әлемде үшінші мемлекетпіз. Иттеріміз барлық тексерістерден өтіп, олардың вирусты анықтай алатыны ресми түрде расталды.