Коста-Рика полициясы 2 жарым тонна кокаин мен марихуананы қолға түсірді.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 2 қайықтың жолы кесілген. Мұндай операция ел тарихында тұңғыш рет жүзеге асқан. Бір қайықта Колумбияның 3 азаматы болған. Сарапшылардың айтуынша, Орталық Америка Колумбия мен Перуден солтүстік аймаққа қарай есірткі тасылмалдайтын негізгі дәліз болып отыр.
Майкл Сото, Коста-Риканың қоғамдық қауіпсіздік министрі:
- Ауқымды операция Тынық мұхитында жүргізілді. Екі қайықты Ұлттық жағалау күзеті АҚШ үкіметі әуе күштерінің көмегімен ұстады. Екінші қайықтан жергілікті 2 тұрғын мен Никарагуаның бір азаматы қамауға алынды.