420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

  • 170
  • UPD: 17:35, 23.12.2020
Бразилияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында коронавирустың жаңа штамы анықталды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы індетте болатын 180 геномның 38-і мутацияға ұшыраған. Мамандар жаңа штамның Британиядан табылған түрмен қатты ұқсас екенін айтады. Сондай-ақ зерттеушілер бейтаныс бактерияның өмірге қауіпті екендігіне әзірге еш дәлел жоқ. Белгісі, жаңа штамның таралу қарқыны әлсіз. Бірақ ғалымдар сонда да аймақта әлеуметтік арақашықтықты ұстап, сақтық шараларын естен шығармауды ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Бразилия ковид жұқтыру бойынша әлемде АҚШ пен Үндістаннан кейін үшінші орында тұр. Соңғы мәлімет бойынша бұл елде қатерлі инфекцияға шалдыққандар саны 7 миллион 300 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы