423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Корея, Филиппин және Жапония Британиямен әуе қатынасын үзді

  • 126
  • UPD: 19:43, 23.12.2020

Ұлыбританиямен тағы үш мемлекет әуе қатынасын тоқтатты. 31 желтоқсанға дейін Оңтүстік Корея мен Филиппин Біріккен Корольдіктен келетін өзге елдің азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салды.

Бұдан басқа Жапония да ертеңнен бастап Британиядан ұшып келетін әуе рейстерін қабылдамайды. Мұндай шектеуге еуропалық елден табылған коронавирустың жаңа штаммы себеп.

Кацунобу Като, Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Коронавирустың жаңа штаммы Жапонияда таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Азаматтарымыз қауіпсіз сезінуі үшін шекарадағы бақылауды күшейттік және Ұлыбритания азаматтарының елге кіруіне шектеу қойдық.

Хабар 24 телеарнасы