Хорватияда жаңа жылдық мерекелер алдында коронавирусқа байланысты қосымша шектеулер енгізілді.
Бұл елде бүгніннен бастап алдағы жылдың 8 қаңтарына дейін ел бойынша қозғалысқа тыйым салынды. Бірақ медиа, көлік, медицина қызметкерлеріне, дипломаттарға, науқастарға және жұмысы бойынша жүріп тұруға мәжбүр басқа жұмысшыларға рұқсат етіледі. Сондай-ақ бір жерде 10-нан астам адамның жиналуына шектеу қойылған. Бұдан басқа жергілікті тұрғындарға аталған кезеңде еңбек демалысын алуға ұсыныс жасалды. Соңғы мәлімет бойынша Хорватияда коронавирустан 3300 адам қайтыс болып, 200 мыңға жуығы індетке шалдыққан.