423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зообақтағы жануарлар келушілерге маска таратты

  • 115
  • UPD: 00:55, 24.12.2020
Зообақтағы жануарлар келушілерге маска таратты

Биылғы Жаңа жылдың қызығын адамдар емес, жануарлар көріп жатыр. Лондонның хайуанаттар бағында гориллалар үшін ашық түсті қораптар қойылды.

Маймылдар осы заттармен ойнағанды жақсы көреді. Бірақ бұл жолы қораптарға жануарлардың жеңсік тағамдары салынды. Маймылдар ішін ашып, тәттіге қарық болды.

Ал Австралияда коаланың жас төліне жылтырақтар таратылды. Хайуанаттар бағының басқа мүшелері де сыйлықтан сырт қалмады. Негізі бұл парк мереке күндері жабылады. Бірақ жануарлардың қасында бірнеше қызметкер болады.

Таиландта пілдер мерекеге үлес қосты. Төрт алып жануар балаларға маска үлестірді. Осылайша 500-ден астам бетперде таратылған.

Итти Панкхавламай, жергілікті тұрғын:

- Мына пілдер Таиландтағы Санта-Клаустың қызметін атқарып жүр. Коронавирус індетінен бұл жануарлар да үлкен зардап шекті. Елімізге келіп, пілдерді тамашалайтын туристер саны азайып кетті. Сондықтан індеттен тезірек құтылсақ екен.

Хабар 24 телеарнасы