420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея коронавирустың үшінші толқынымен қалай күресуде?

  • 123
  • UPD: 08:42, 24.12.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус пандемиясының үшінші толқыны әлі басылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жексенбі мен дүйсенбіде пациенттер саны азайғаннан кейін, үшінші күн қатарынан күніне мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Ел астанасы мен Кёнги провинциясы әлі күнге дейін індеттің ошағы болып табылады. Сеулде бүгіннен бастап жаңа вирусқа қарсы шаралар күшіне енуде.

Владислав Цой, тілші:

– Сеул тұрғындары ғана емес, Кореяның өзге аймақ тұрғындары да Рождество мен жаңа жылды тойлай алмайды. Өйткені елде қысқы демалыс орындары жабық. Қонақ үйлерге де шектеу қойылды. Сеулде бүгіннен бастап 3 қаңтарға дейін 4 адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл шектеу әлеуметтік арақашықтықтың ең жоғарғы үшінші деңгейінен де қатал. Ол 10-нан астам адамның жиналуына тыйым салады. Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрінің пайда болуына байланысты бұл елмен рейстер жыл соңына дейін тоқтатылды. COVID-19 сынағын өткізуге арналған зертханалар саны көбейді. Онда бес жүзге жуық дәрігер мен мидбикелер тартылды.

Юн Тхэ Хо, Корея республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің өкілі:

– Қосымша төсек орындармен қамтамасыз ету үшін үкімет ауруханалар мен ұлттық университет жанындағы клиникаларға ауыр науқастарға арналған төсектердің 1 процентін бөлуге бұйрық берді. 104 қосымша төсек бөлінді, тағы 199 төсек 26 желтоқсанда және тағы 328 төсек бір апта ішінде пайда болады.

Владислав Цой, тілші:

- Халықтың сауалнамалары көрсеткендей, ел тұрғындарының жартысынан көбі жедел вакцинацияны қолдайды, халықтың екінші бөлігі егу жылдамдығы емес, оның қауіпсіздігі маңызды деп санайды. Үкімет вакцинаның бір жарым миллион дозасы келесі жылдың бірінші тоқсанында Оңтүстік Кореяға жеткізілетінін, ал егу шараларының ақпан немесе наурыз айларында басталатынын айтты. Алайда дәрігерлер асықпауға шақырды.

Сон Ён Рэ, Корея республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің өкілі:

– Қауіпсіздік скрининг біз үшін өте маңызды. Сондықтан вакцинаны қабылдаған әлемдегі бірінші немесе екінші ел болуымызға ешқандай себеп жоқ. Тіпті әлемде бірінші болып екпе егілген елдің иммунитетін қалыптастыру процесі алты ай мен 10 ай аралығын қамтиды.

Владислав Цой, тілші:

– Бүгін ел премьер-министрі Чон Се Кюн 6 миллион адамға арналған вакцинаның бірін жеткізуге келісімшарт жасалғанын айтты. Келесі жылдың екінші тоқсанынан бастап оны егу басталады. Басқа өндірушімен жасалған келісім келесі жылдың үшінші тоқсанында тағы 10 миллион адамға вакцина егуді қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы