420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кенияда медицина қызметкерлері шеруге шықты

  • 120
  • UPD: 08:08, 24.12.2020
Кенияда медицина қызметкерлері шеруге шықты

Кения астанасы Найробиде медицина қызметкерлері жұмысқа емес, шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілшілер коронавирусқа байланысты күн-түн демей, еңбек істесе де, мардымсыз жалақы алатынын айтады. Ал медициналық сақтандыру мен өтемақы мүлде төленбейді. Бұл елде індет басталғалы вирустан 30-дан астам дәрігер, 29 медбике және осы саладағы 10 басқа қызметкер қайтыс болған. Тағы 2 мыңнан астамы коронавирус жұқтырған. Үкімет талаптарын орындамайынша, ашынған топ наразылық шарасын тоқтатпауға бел буған.

Боаз Ончари, белсенді:

– Біз коронавируспен күресте алғы шепте жүрміз. Бізге қорғанатын заттар жеткілікті түрде берілмесе, індетті нағыз таратушылар біз болмаймыз ба? Оның үстіне, жұмысқа көпшілік мінетін қоғамдық көлікпен барамыз. Менің жас отбасым бар. Егер өліп кетсем, оны кім асырайды? Үкімет бізге жағдай жасамай отыр.

Хабар 24 телеарнасы