423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Босния және Герцеговинада мигранттар орталығы өртенді

  • 96
  • UPD: 08:36, 24.12.2020
Босния және Герцеговинада мигранттар орталығы өртенді Политнавигатор

Босния және Герцеговинаның солтүстік-батысында мигранттар орталығы отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, ғимаратты босқындардың өздері өртеген. Осылайша, олар орталықтың уақытша жабылғанына наразылық білдірген. Бұл жерде негізінен 1200-ге жуық мигрант болған еді. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт салдарынан жарақат алған ешкім жоқ. Билік орталықты қыс мезгіліне дайындау үшін жапқан еді. Бірақ құзырлы органдар басқа баспанамен қамтамасыз етпей, босқындар далада қалған. Жалпы бұл елде Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінен 10 мыңға жуық мигрант келген. Олардың мақсаты – әрі қарай Еуропа мемлекеттеріне жету.

Хабар 24 телеарнасы