420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испаниялықтар жаңажылдық сыйлық таратуда терең мағынаға мән бере бастады

  • 101
  • UPD: 09:39, 24.12.2020

Коронавирус адамдардың өмірін ғана емес, жаңа жылда беретін сыйлықтарын да өзгертті.

Экономикалық қиындық пен аралас-құраластықтың шектелуі көп нәрсенің қадірін сезінуге жол ашты. Испанияда жаңажылдық сыйлықтарды беруде терең мағынаға мән беріле бастады.

Виктор мен Аннаның анасына Чароға Рождество мерекесіне дайындаған биылғы сыйлығы ерекше. Олар ескі суреттер мен естеліктерді қамтитын ғұмырбаяндық кітап жазуға мүмкіндік сыйлады.

Виктор Руиз, Чароның ұлы:

– Локдаун кезінде біз отбасысымызбен бірге өте көп уақыт өткіздік. Ескі суреттерді көре отырып, марқұм болып кеткен ата-әжелерімізді еске алдық. Осылайша біз ата-анамыз туралы естеліктерді қалдырудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік.

Енді Чароның жеке биографы бар. Ол болашақ кітабын балалары мен немерелеріне арнамақ.

Хорхе Эскохотадо, Memoralia компаниясының негізін қалаушы:

– Өмірбаян - бүкіл отбасына арналған сыйлық. Ата-әжелер мұндай тәжірибенің болғанына қатты қуанады. Біздің ісіміз арқылы естелік ескірмейді.

COVID-19 індеті адам өмірінің қаншалықты нәзік екенін көрсетті. алдағы жаңажылдық мерекелер – жақыныңа қуаныш сыйлауға тамаша мүмкіндік. Психологтардың айтуынша, қазіргідей қиын кездегі сыйлықтар бір жағынан жанға медет болуы керек. Мысалы, балалық шақты еске түсіретіндей болса.

Хосе Бласкес, Мадридтегі еуропалық университеттің профессоры:

– Біз адамдарды, әсіресе туғандарымызды бағалауды үйрендік. Індет кесірінен қаржылық жағдай нашарлаған тұста айрықша сыйлықтың орны бөлек болады.

Сыйлықтың бағасына қарамау керек. Ең бастысы, көңілге демеу болса болғаны. Әсіресе індет кезінде жылы қарым-қатынастың қадірі артты. Оның үстіне, қатаң шектеулерге байланысты туған-туыс бірін-бірі көре алмауы мүмкін. Осындай шақта мағынасы терең сыйлық берудің маңызы зор.

Авторы: Ернат Мелсұлы

Хабар 24 телеарнасы