АҚШ-тың Балтимор қаласында көпқабатты ғимараттың 16-қабатында жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиғадан 20 адам зардап шеккен. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Мамандардың айтуынша, 9 адам ауыр халде жатыр. Құтқарушылар тағы 20-дан астам адамды аман алып қалды. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға кезінде ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан еді. Жарылыстың нақты себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды.