Испанияға Pfizer мен BioNTech компаниясынан апта сайын 350 мың доза вакцина жіберілетін болады.
Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады. Айтуынша, жаппай екпе егу науқаны аймақта желтоқсанның 27-сі басталмақ. Жергілікті билік 2021 жылдың бірінші жартысында шамамен 20 млн-ға дейін адам екпе қабылдайды деп жоспарлап отыр.
Айта кетейік, әлем елдері ішінде коронаиврус індетіне шалдыққандардың саны бойынша Испания алғашқы ондықта. Пандемия басталғалы елде 1 млн 800 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне іліккен.